4.1. Қор Қазақстан Ресчпубликасының күшіндегі заңнамасымен және осы жарғымен осындай құқықтық-ұйымдастыру формадағы коммерциялық емес ұйымдар үшін көрсетілген барлық құқықтарды пайдаланады.
4.2. Қордың құқықтары:
4.2.1. заңнамада белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
4.2.2. мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi болуына;
4.2.3. меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4.2.4. мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
4.2.5. егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
4.2.6. филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
4.2.7. қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
4.2.8. жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға; 4.2.9. сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4.2.10. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4.3. Қордың міндетті:
4.3.1. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға; 4.3.2. белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
4.3.3. өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап беруге;
4.3.4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.