ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСI

By | 20.01.2022

2.1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, құрылымдық мүлкі бар, дербес балансы, банкiлiк есепшоттары және басқа да шоттары бар, өз атауымен мөрi, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі фирмалық және тағы басқа реквизиттері болады.

2.2. Қор заңды тұлғаның құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап ие болады.

2.3. Қор өз қызметін жүзеге асыра отырып өз атынан келісімдер жасауға құқылы, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттемелер жүктелуне, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

2.4. Қор Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктер (одақтар) құруға құқылы.

2.5. Қор өз мiндеттемелерi бойынша барлық өз мүлкiмен жауап береді. Қор өзінің құрылтайшыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.